1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға өседі
1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.
Департамент директорының айтуынша, соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өскен.
«2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға көтеріледі. Мұндай шаралар мектепке дейінгі мекемелерге педагогтерді тартуға септігін тигізеді. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні кадр тапшылығы бар», – деді спикер. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу шарасы да жүзеге асырылады.
Бұл қызметтердің ашықтығы мен деректердің бірыңғай тізімін қалыптастырады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады дейді департамент өкілдері. Айта кетейік, еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың басым бөлігінің жоғары білімі бар, бұл – 65 мыңнан астам педагог.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу