БҰҚАРА – ОРАЛ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТАДЫ
«Бұқара – Орал» магистральді газ құбырының үшінші желісінің құрылысы басталды. Жаңа жоба Ақтөбе облысындағы көгілдір отын тапшылығын толық шешуі тиіс.
Қазір қолданыстағы газ құбырының жүктемесі 170 процентке жеткен. Сондықтан 165 шақырымға созылатын жаңа тасымалдаушы желіні жүргізу туралы шешім қабылданған. Құны 43 миллиард 400 миллион теңге болатын жоба келер жылы салынып бітуі керек. Алғашқы кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге бөлінді.
Ержан Мұздыбаев, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: – Бұл құбырды салу нәтижесінде осы Ақтөбе қаласы мен жақын орналасқан елді мекендерге қосымша 526 мың шаршы метр газ жететін болады. Яғни бұл дегеніміз біздің 40-50 жылға дейінгі газ тұтыну көлемін арттырады. Сонымен қатар облысымыздағы 3 трлн қаражатқа жуық 30 ірі инвестициялық жобаларды қамтамасыз ететін болады.
Дереккөз: 24.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру
Пікір үстеу