8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2026 48 0
Тағылым

«АҚ БАТА – АҚ ЖОЛ»: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығында «Ақ бата – ақ жол» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған шараны облыстық ардагерлер кеңесі, «Ардагер» клубы және «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кездесуге өңірдің ардақты ақсақалдары, ардагерлер мен студент жастар қатысты. Шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы ашып, қазақ халқының бата беру дәстүрінің тарихы, мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызына тоқталды. Сондай-ақ өзінің «Баба дәстүр баяны» кітабындағы ұлттық салт-дәстүрге қатысты тағылымды ойларымен бөлісті.

Рухани кешке арнайы шақырылған батагөй ақсақалдар Серік Қарабалин, Сәрсенғали Абдулов, Садыр Жанетов, Салауат Нарышев, Казталов ауданының құрметті азаматы Исмағұл Мусин және Жәнібек ауданының тумасы Жұмабай Балтамұратов жастармен жүздесіп, өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Ел ағалары ұлттық тәрбие, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы өнегелі әңгімелер айтып, ақ баталарын берді.

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халық даналығының мәні терең. Бата – халқымыздың ғасырлар бойы сақталған рухани мұрасы, ақ тілек пен ізгі ниеттің көрінісі. Ол жас ұрпақты адалдыққа, парасаттылыққа, ел мен жерді құрметтеуге тәрбиелейді.

Кездесу барысында батаның түрлері, олардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі орны мен ерекшеліктері түсіндірілді. Ақсақалдар ата дәстүрін сақтау және келер ұрпаққа жеткізу баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

Жастар атынан Асығат Есімғалиев сөз сөйлеп, тағылымды кездесуге қатысқан ақсақалдарға алғысын білдірді. Оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы «Баба дәстүр баяны» кітабын сыйға тартты.

Шара соңында батагөй ақсақалдарға Орал қаласының әкімі М. Бәйменовтің Алғыс хаттары табысталып, иықтарына шапан жабылды. Сондай-ақ «Мәдени-ағарту бірлестігінің» директоры К. Ахметова ардагерлерге құрмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін ризашылығын жеткізді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
234 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
213 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
254 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»