8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 286 0
Құрылтай-2026

Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді

 Батыс Қазақстан өңірінде түсірілген ауқымды «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» тарихи көркем фильмінің шығармашылық тобы Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.

Тарихи туындының түсірілімі аяқталғанымен, фильмді жасауға атсалысқан актерлер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, Орал қаласындағы №227 сайлау учаскесіне келді.

Тарихи туындыға түскен ұжым үшін бұл таңдау –  тек дауыс беру емес, елдің мәдени және рухани дамуына, мемлекеттің жаңа жасампаздық кезеңіне деген зор сенімнің белгісі.

«Біз тарихи тұлғалардың өмірін кино лентасына арқау ете отырып, олардың отаншылдық рухын сезіндік. Сондықтан бүгінгі таңдаудан тыс қалу мүмкін емес еді. Бұл – еліміздің ертеңі мен мәдениетіміздің жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам», – деп атап өтті  фильмінің актерлері.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген тарихи көркем фильм ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы алғашқы кәсіпкерлердің бірі Баймұхамбет Қосшығұловтың ғибратты өмірі мен кәсіпкерлік жолына арналған. Орал қаласы туындыдағы негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
68 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
62 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
118 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
161 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»