Оралдық өнерпаздар ел болашағы үшін дауыс берді
Батысқазақстандық шығармашылық ұжымдар маңызды қоғамдық-саяси шараға біркісідей атсалысуда. Орал қаласындағы жетекші өнер ұжымдарының бірі – Қарлығаш Қадырбекова атындағы өнер орталығының ұжымы мен бишілері дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Өнерпаздар маңызды қоғамдық бастамаға қолдау көрсетіп, дауыс беру рәсімінен кейін көпшілікке әсерлі би композициясын ұсынды. Сахнадағы әрбір қимыл арқылы олар өнерге деген сүйіспеншілік пен туған елге деген шексіз құрметін жеткізді. Ұжым үшін бұл қадам – ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, отаншылдық рухты паш етудің айқын көрінісі болды. Оралдық бишілердің бұл бастамасы өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге белсенді араласуға және мемлекет болашағына бірге үлес қосуға үндейді.
Айта кету керек, Қарлығаш Қадырбекова атындағы өнер орталығы – авторлық хореография мен заманауи ұлттық бағытты ұштастырған Батыс Қазақстан өңіріндегі ең танымал өнер мектептерінің бірі. Мұнда төл идеяларға негізделген өзіндік би стилі қалыптасқан. Орталық жанында елімізде сирек кездесетін «Рух» ұлдар би ансамблі мен «Атамекен» ерлер би ансамблі табысты жұмыс істеп келеді.
Бүгінде орталық тәрбиеленушілері тек хореографиямен шектелмей, вокал, актерлік шеберлік және бейнелеу өнерін қатар меңгеруде. Республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте Бас жүлде (Гран-при) иегері атанған шығармашылық ұжым қысқа мерзімде қанатын кеңге жайып, Орал қаласы мен Зачаганск кентінде бірнеше ірі филиалын ашып үлгерді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру