8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 73 0
Құрылтай-2026

Minecraft кейіпкері Оралдағы сайлау учаскесіне келді

Сайлау күні Оралдағы шынайы сайлау учаскесінде виртуалды кейіпкер пайда болды. Бұл Minecraft ойынын тек балалар ғана ойнамайтынын тағы бір дәлелдеді.

Minecraft — бүкіл әлем бойынша миллиондаған ойыншыны біріктіретін танымал онлайн-ойын. Қызығы, ойынның виртуалды әлемінде жақында өз сайлау учаскелері пайда болып, сайлау да өткізіле бастады. Сондықтан Minecraft жанкүйерлерінің бірі шынайы дауыс беру күні ойындағы пиксельді образын өмірде көрсетуді жөн көрген.

Minecraft кейіпкерінің №450 сайлау учаскесінде пайда болуы дауыс беруге келгендердің назарын аударды. Олардың арасында ойынды жақсы көретіндер де болып, креативті перформансты жоғары бағалады.

«Әр адамның өзін-өзі көрсетуге құқығы бар. Бүгін біз өз құқықтарымыз үшін дауыс беріп жатырмыз. Сондықтан бұл өте орынды деп ойлаймын», — деп пікір білдірді дауыс берушілердің бірі.

Еске салайық, Қазақстанда жаңа заң шығарушы орган — Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға жеті саяси партия қатысуда. Қазақстандықтар өздері тіркелген сайлау учаскелерінде сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Ал қозғалысы шектеулі азаматтар бұл күні үйде дауыс береді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»