8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 77 0
Құрылтай-2026

Бір әулеттің емес, бір елдің ертеңін ойлаған аналар

Қазақ тарихында Құрылтай – елдің басын қосып, тағдырлы мәселелерді ортаға салып, ортақ шешімге келетін алқалы жиынның символы. Күлтөбе басындағы кеңестерден бастау алған бұл дәстүр елдік мүдде мен қоғамдық келісімнің тарихи көрінісі іспетті.


Орал қаласындағы №169 және №300 сайлау учаскілеріне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері арнайы келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

Сайлауға келген аналардың арасында бірнеше буынды тәрбиелеп, отбасының берекесін ұйытып отырған жандар бар. Олар үшін бүгінгі таңдау – жай ғана дауыс беру емес. Бұл – балалары мен немерелерінің болашағына деген сенімін білдірудің, ел тағдырына деген азаматтық жауапкершілігін танытудың сәті.

«Ел тарихында Құрылтайдың орны ерекше. Ертеде қазақтың игі жақсылары бас қосып, елдің тағдырын, халықтың бірлігін талқылаған. Бүгінгі Құрылтайдың да жөні бөлек. Тарих пен жаңа басқару формасының сабақтасуы елге жаңа леп әкелері сөзсіз. Біз – анамыз. Сондықтан біздің әр таңдауымыздың ар жағында балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы тұр», – дейді көпбалалы аналар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»