Домбыра үнімен бірге ел таңдауына үн қосты
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры – өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар өнер ордасы. Соңғы жылдары шығармашылық ізденісін күшейтіп, жаңа қойылымдарымен көрерменін қуантқан театр ұжымы ұлттық өнерді дәріптеуді басты бағыттарының бірі санайды.
Бұл жолы театрдың домбырашылары сахнадан сайлау учаскесіне бет бұрып, азаматтық таңдауын жасады. Ең қызығы – өнерпаздар дауыс беруге қазақтың қасиетті қара домбырасын қолдарына ұстап келді.
Сайлау учаскесінде домбыраның қоңыр үнімен бірнеше күй орындап, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық аспаптың үні сайлау учаскесінің төрін әсем әуенге бөлеп, маңызды қоғамдық шараға өзгеше реңк қосты.
«Өнер – елмен бірге. Біз үшін домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың үні мен рухының белгісі. Сондықтан бүгінгі азаматтық таңдауымызды да домбыраның қоңыр үнімен сабақтастырғымыз келді», – дейді театр өнерпаздары.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру
