8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 169 0
Құрылтай-2026

Спорт пен азаматтық міндетті қатар ұштастырған жүгірушілер

Батыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр. Таң сәріден түрлі жастағы және әртүрлі мамандық иелері өз азаматтық таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келуде.

Олардың қатарында «Ұшқындар» жүгірушілер командасының мүшелері де бар. Оралдық спортшылар жексенбілік дәстүрлі жаттығуларын аяқтаған соң, өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.

Спортшылар азаматтық міндетін күнделікті спортпен ұштастырған. Команда мүшесі Е. Сералиев сайлауға қатысуға небәрі бірнеше минут жеткілікті екенін атап өтті.

«Сайлауды қалай ұмытуға болады? Дауыс беруге баруға небәрі бес минут уақыт жеткілікті. Мен тіпті үйге де соқпадым, жаттығудан бірден осында келдім», – деді ол.

Команданың тағы бір мүшесі Б. Ағидилов та өз таңдауын жасап, азаматтарды уақыт тауып, сайлауға қатысуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтуде. Батыс Қазақстан облысында сайлаушылар үшін барлығы 488 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
74 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
123 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
164 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»