8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 96 0
Құрылтай-2026

БҚО-да сайлау учаскелерінде фотозоналар ұйымдастырылып, қала мен аудандарда жәрмеңкелер өтеді

Бүгін, 23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтетін күні Батыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде арнайы тақырыптық фотозоналар ұйымдастырылды.

Фотозоналар тақырыптық баннерлер мен пресс-стендтерді пайдалана отырып, бірыңғай визуалды стильде безендірілген. Дауыс бергеннен кейін өңір тұрғындары арнайы дайындалған алаңдарда суретке түсіп, осы маңызды күннен естелік сақтай алады.

Фотозоналар сайлау учаскелерін безендірудің ерекше элементтерінің біріне айналып, дауыс беру күнінің өзіндік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етуде.

Сонымен қатар, бүгін Батыс Қазақстан облысының қаласы мен аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Тұрғындар жергілікті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Осылайша, өңірде сайлау күні қоғамдық және мәдени іс-шаралардың бірқатар түрі ұйымдастырылып, дауыс беру күніне ерекше атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берілуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»