ТАТАМИДЕ ТОП ЖАРҒАНДАР
Өңірде каратэ спортының дамуына серпін беріп, халықаралық жарыстарда ел мен облыс намысын қорғап жүрген спортшылардың еңбегі еленді. Аймақ басшысының орынбасары, облыстық каратэ WKF федерациясының президенті Мирас Мүлкәй спортшылар және олардың бапкерлерімен кездесіп, жетістіктерін атап өтті.
Кездесу барысында жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшыларды тәрбиелеген жаттықтырушылардың еңбегіне ерекше мән берілді. Азия чемпионы Ардақ Қартпаеваны жарыстарға дайындаған Нарын Муфтахиев, Азия чемпионатының қола жүлдегері Дана Құрақбаеваның бапкері Қуаныш Кайров және пара-каратэден Азия чемпионы атанған Назгүл Ізмағанбетованың жаттықтырушысы Асқар Досжанов марапатқа ие болды.
Бапкерлермен қатар халықаралық додаларда өңірдің спорттық әлеуетін танытып жүрген спортшыларға да қаржылай сыйақы табысталды. Бұл – олардың жарыс жолындағы табандылығы мен жоғары нәтижелеріне көрсетілген қолдау.
Соңғы жылдары облыста каратэнің дамуына басымдық беріліп келеді. Жас спортшылардың республикалық додаларда жүлде алуымен қатар, халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындыруы – соның айғағы.
Спорттағы әр жетістіктің негізінде үздіксіз дайындық пен бапкер еңбегі жататыны белгілі. Өңірде осы екі бағытты ұштастыратын қалыптасқан спорттық мектептің іргесі бекіп келеді. Оның нәтижесі татамидегі жеңістерден көрініс табуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті

Кіру
