СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚОЛЖЕТІМДІ
Орал қаласында жаңа street workout алаңы қолданысқа берілді. Бұл алаң – Қазақстан Республикасы street workout федерациясының және «Айдана», «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қала жастарына ұсынған сыйы.
Шаһарда соңғы жылдары спорттық алаңдар салу қарқын алды. Street workout-пен қатар баскетбол, футбол, хоккей ойындарына арналған алаңдар көбеюде. Бұл жастардың қызығушылықтарын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай оң ықпалын берері анық. Әсіресе, мұндай алаңдардың салынуына демеушілердің қолдау көрсетуі – құптарлық жайт.
Жаңа алаңның ашылу салтанатында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов игі істің құрылысына көмектескен облыстық мәслихат депутаты, «Айдана» ЖШС-ның басшысы Аветик Амирханян мен «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михноға ризашылығын жеткізді.
– Жастар мен жас балғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа ден қойғаны қуантады. Мемлекет басшысы спорттың дамуына айрықша мән беріп келеді. Біз де бұл іске үлес қосқанымызға қуаныштымыз, – деді Аветик Рубенович.
Алаңның ашылуымен street workout бағытындағы спортшылар жиналғандарға шеберліктерін көрсетті.
Айта кету керек, 2017 жылы қалада 20 спорттық және ойын алаңдарының құрылысы басталған болатын. Олардың оны өткен жылы қолданысқа берілді. Қалғаны биыл тапсырылады. Алаңдарды салуда жергілікті бюджеттің қаржысынан бөлек, «Самұрық Қазына Траст» АҚ, Street workout федерациясы қолдау көрсетуде.
Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, тағы 22 спорт және ойын алаңдарының ЖСҚ дайындалған. Демек, қала аумағында мұндай алаңдар әлі де көбейе түспек.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
«Таза Қазақстан» – экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды кездесу
Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов о новой Конституции
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой

Кіру
Пікір үстеу