Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Құрметті батысқазақстандықтар!
Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – халқымыздың тағдырында айрықша орны бар тарихи күн. Осыдан 36 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіз ел болудың берік негізі қаланды.
Биыл біз Республика күнін ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатырмыз. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылған, халықаралық қауымдастықта өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Бұл – халқымыздың қажырлы еңбегінің, береке-бірлігі мен болашаққа деген берік сенімінің жемісі.
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып, Әділетті Қазақстанның іргетасы нығая түсуде. Жаңа Конституциямызда көрініс тапқан әділеттілік, заң мен тәртіп, ел бірлігі және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындап берді.
Осы игі өзгерістерді жүзеге асыруда Батыс Қазақстан облысының да өзіндік орны бар. Қастерлі Ақ Жайық өңірі – ел тәуелсіздігін тұғырлы етуге елеулі үлес қосып келе жатқан қасиетті мекен. 2023 жылдан бері облысымызда 132 әлеуметтік нысан жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Мұның барлығы – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, өңіріміздің өркендеуіне бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі.
Біздің басты байлығымыз – елдің тыныштығы, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігі. Осы жолдан жаңылмай, келер ұрпаққа қуатты әрі өркендеген мемлекет қалдыру – баршамызға ортақ қасиетті парыз.
Республика күні – өткенімізді ұлықтап қана қоймай, ел болашағы алдындағы жауапкершілігімізді терең сезінетін мереке.
Қадірлі жерлестер!
Ұлттық мерекеміз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, амандық пен молшылық тілеймін!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз мәңгі, бейбіт күніміз баянды болғай!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру