Құрылтайға кімдер өтті?
Тамыздың 23-і күні еліміздің саяси тарихында жаңа кезеңнің бастауы болған Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы туралы өз ойымызды сараптасақ, ел азаматтары жаңа бірпалаталы өкілді органның құрамын қалыптастыру үшін дауыс берді. Сайлау бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутатты партиялық тізім бойынша анықтау үшін өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында саяси науқанға 450 мыңнан астам азаматтың қатысуға құқығы болды. Өңір бойынша 488 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру барысын аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халықаралық байқаушылар бақылап отырды.
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев те сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол облыс орталығындағы Орал ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан №521 сайлау учаскесінде дауыс беріп, сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.
– Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүзеге асып, дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Биылғы наурыз айында жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияны қабылдасақ, бүгін ел тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауында таңдау жасап жатырмыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр азаматтың дауысы маңызды. Жайық жұртшылығы да қашанғыдай береке-бірлігін көрсетіп, сайлауға белсене қатысады деп сенемін, – деді Нариман Төреғалиев.
Сайлау күнінің өту барысы да бақылаушылар назарында болды. Батыс Қазақстан облысында дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтіп, елеулі заң бұзушылықтар тіркелмеді. Сағат 20:00-де облыстағы барлық 488 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады.
Жалпы Сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялады. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, дауыс беруге республика бойынша 9 351 539 азамат қатысып, сайлаушылардың келу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады. Сайлауға қатысқан жеті саяси партияның бесеуі 5 пайыздық межеден өтіп, депутаттық мандаттарды бөлуге жіберілді. Олар – «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы белгіленген 5 пайыздық шекті еңсере алмады. Соңғы нәтижеге сәйкес, мандаттар мынадай тәртіппен бөлінді: «Әділет» партиясы – 110 мандат, «Ауыл» партиясы – 10 мандат, «Respublica» партиясы – 9 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.
Осылайша, 145 депутаттық орынның басым бөлігі «Әділет» партиясының еншісіне тиді. Партия 71,17 пайыз дауыс жинаған. «Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз, Respublica – 5,56 пайыз, «Ақ жол» – 5,21 пайыз, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 5,11 пайыз дауыс алды.
Құрылтайдың құрылуы – Қазақстанның конституциялық реформаларының нәтижесінде пайда болған жаңа саяси институт. Сайлау қорытындысымен енді оның алғашқы құрамы қалыптасты.
Орал қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында №439 сайлау учаскесінде «Әжелер» ансамблі өнер көрсетті. Ал №303 сайлау учаскесінде, Оқушылар сарайында Есболат Ғабдулов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі концерт қойды.
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Замир Қазиев сайлау учаскесіне жетуі үшін алдымен атпен жолға шыққан екен. Кейін тракторға мінеді. Жолға жеткен соң көлікпен жүріп, сапарының соңғы бөлігін велосипедпен жалғастырады. Сол күні ерте тұрған Замир Уапұлы далада бағып жүрген сиырларына қарамастан азаматтық міндетін орындауға осылайша уақыт табады. Замир ағайдың сайлау учаскесіне жетуінің өзі шағын марафонға айналады.
Ал №513 сайлау учаскесіне келген тұрғындар күтпеген көріністің куәсі болды. Сайлау учаскесіне «Қыз Жібек» көркем фильмінің кейіпкерлері – Қыз Жібек пен Төлегеннің бейнесіндегі жұп келді. Сәукеле, ұлттық әшекейлер мен қазақы дәуірді бейнелейтін сәнді киімдер көпшіліктің назарын бірден аударды. Көп ұзамай олардың Орал қаласындағы Жастар театрының актерлері екені белгілі болды.
Саяси науқанның аяқталуымен сайлау учаскелеріндегі жұмыс та тәмамдалды. Ендігі кезекте жаңа құрамдағы Құрылтайдың өзіне жүктелетін міндеттер мен халықтың сенімін ақтау мәселесі тұр.
Ақбөбек НҰҒМАНҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды
Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЫ: СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕЛДІК НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

Кіру