8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2026 336 0
«Әділет» партиясы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Әділет» партиясы облыстық филиалының Жастар штабы сайлау науқаны барысында орналастырылған үгіт-насихат материалдарын жинау бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді.

Белсенді жастар қала көшелерін аралап, қоғамдық орындардағы, қоршаулар мен арнайы рұқсат етілген орындарға орналастырылған плакаттар мен басқа да ақпараттық материалдарды жинап, жабыстырылған орындарын тазалады. Жиналған материалдар қоқысқа айналмай, белгіленген тәртіппен шығарылды.

Жастар штабының мүшелері үшін бұл жұмыс сайлау науқанының аяқталуымен бірге қоршаған ортаға деген жауапкершілікті де ұмытпау маңызды екенін көрсетті.

«Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды бастама”, – деді облыстық “Жастар рухы” жастар қанатының өңірлік филиалының төрағасы Ерлік Шамғали.

«Әділет» партиясы облыстық филиалының Жастар штабы алдағы уақытта да өңіріміздің тазалығы мен көркеюіне бағытталған қоғамдық бастамаларға белсенді қатыса бермек.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
90 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
142 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»