8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2024 2769 0
Білім

«Мектебім, саған мың алғыс!»

Бүгін, мамырдың 25-і күні Орал қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы №30 ЖОББ мектебінде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.


Жиында сөз сөйлеген аталмыш мектептің директоры Дарья Қабдуллиева: – Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, мектеп түлектері, сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Білімді шәкірттерін аялаған, жас ұрпақтың жанашыры болған ұстаздар ұжымына ризашылығымды білдіремін!
Қымбатты жас түлектер, жаңа өмірге бастаған қадамдарыңызға сәт сапар, келешектеріңіз жарқын болып, ҰБТ-дан сүрінбей өтулеріңізге сенімдімін, – деді Дарья Хайроллақызы.

Бұдан соң қала әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова,«АMANAT» партиясының атынан БҚО мәслихатының депутаты, София Ізмұхамбетова жүрекжарды тілектерін жеткізіп, мектеп түлектеріне ақ жол тіледі.

Сондай-ақ 11«б» сынып жеттекшісі Дана Махамбетова, түлектердің ата-аналары атынан Бақыт Мырзахметова лебіздерін айтып, жүректері лүпіл қаққан мектеп бітірушілерге әрдайым да білімдеріңмен, жақсы істеріңмен қуантып жүріңдер деген ақ тілектерін арнады.

Одан әрі 11-сынып оқушылары
Дильназ Әкетай, Аяна Абдрахманова, Райхан Сатыбалдиева ұстаздарына деген тілектерін үш тілде айтқан өлеңдерімен жеткізді.

Салтанатты жиында қалалық олимпиала жүлдегері Әмір Бердібек,«Алтын белгіге» үміткер Мерей Бақтығалиева болашаққа барар мектеп кілтін мектеп директоры Дарья Хайроллақызына табыстады.

Жиынның соңы түлектердің «Мектеп вальсіне» ұласты.

Гүлжан Серікқызы

(Соңғы қоңырау салтанаты туралы толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің №22 санынан оқи аласыздар)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»