8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Мамыр 2019 1936 0
Қоғам

ЖАРАСТЫҚ ОРНАҒАН ШАҢЫРАҚ

Үлгілі отбасы – қоғам тірегі. Сәні мен салтанаты жарасқан берекелі шаңырақ әрдайым айналасындағыларға үлгі болып, қоғамға өз пайдасын тигізері хақ. Шаһарымыздағы осындай өз ортасына сыйлы, жарасымды отбасылардың бірі  ­– Шуриндер жанұясы.

 «Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Шаңырақтың керегесі кеңейіп, уығы нық тұруы үшін шағын мемлекетте сыйластық қажет. Біз танысқан Шуриндердің берік ұстанымдары – осындай. Жары еріне, балалары ата-анасына, қарындастары ағаларына «Сіз» деп сыйластық танытқан жанұяның бір-біріне деген ізеті ең бірінші көңіл аудартады.

…Осыдан 14 жыл бұрын шаңырақ көтерген Бауыржан мен Гүлдерай қазір алты перзенттің ата-анасы. Отағасы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан жаттықтырушы, отанасы отбасылық «Айшабибі – Әмина» тігін және тоқыма цехының иесі. Алды мектеп жасындағы балалары әкелерінің жолымен тоғызқұмалақтан топ жарып, үздіктер қатарынан көрініп жүр.

 

Балалардың бас жаттықтырушысы

Бауыржанның айтуынша, өзінің негізгі мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі. Қаратөбенің Егіндікөл ауылында дүниеге келген азамат орта мектепті жақсы тәмамдап, қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тарих және құқықтық экономика факультетіне грантқа түсіп, 2005 жылы дипломын алып шыққан. Сол жылы жары Гүлдераймен отау құрып, отбасының тұңғышы Әбілмансұр дүниеге келді.

– «Тарих және құқық мамандығы бойынша дипломымды қолыма алғаннан кейін полиция қызметкері болуды қаладым. Үйленген соң жарымның рұқсатымен әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Бұл уақытта Гүлдерай ата-анамның жанында болды, – дейді Бауыржан.

Үйленген  жылы әскер қатарына аттанып, жолдасын ата-анасының жанына қалдырғаны ене мен келіннің бір-бірімен жақын тіл табысуына да оң ықпалын тигізді. Гүлдерай сол кездегі екінші анасының қолдауы мен қамқорлығын ерекше бағалайды.

Әскерден келгеннен кейін Бауыржан кәсіпкерлікке бет бұрып, отбасымен бірге біраз уақыт облыс орталығынан дүкендерді жалға алып, сауда саласында табысты еңбек етті. Бірақ, оқыстан әкесінің дүние салуына байланысты қарашаңырақта қалған анасының жанына барып, мамандығы бойынша мектепке мұғалім болып қызметке орналасады. Бұл 2009 жыл болатын. Өзі білім алған мектептен педагогтық қызметін бастап, Үшағаш мектебінде және Қаратөбе ауылындағы Мұхит орта мектебінде мектеп директорының орынбасары, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. Ал 2016 жылы диплломы бойынша атқарған қызметінен қол үзіп, өзінің сүйікті хоббиі болған тоғызқұмалақ ойыны бойынша жаттықтырушылыққа ауысқан.

– Тарихты таңдағаныммен мектепте оқығанымда математиканы тереңдете оқытатын сыныпта білім алдым. Сол бала кезімнен тоғызқұмалақ ойынына ықыласым ерекше болды. Жылдар өте осы балалық қызығушылығым тоғызқұмалаққа қайта әкелді. Бұған Әбілмансұрымның жарыстардағы көрсеткіштері себеп болды. Баламның жетістігі үшін қалаға жаттықтырушылыққа шақырылдым,  – дейді ол.

Иә, әкесінің үйдегі үйретуімен алғаш қатысқаннан-ақ облыстық турнирде жеңімпаз атануы және облыстық және республикалық деңгейде жеңістердің жалғаса түсуі оның жаттықтырушылыққа деген ынтасын арттыра түсті. Қазір 5-сыныпта оқитын екінші ұлы Бейбарыс та республикалық турнирлердің жүлдегері, спорт шеберіне үміткер. 4-ші және 3-ші сыныптардың оқушылары Айшабибі мен Әмина тоғызқұмалақтан І дәрежелі спорт шебері атанып үлгерген. Оған қоса, қос қызы да таэквондомен шұғылданады. Бауыржан өз балаларының жетістіктерімен ғана емес, басқа да шәкірттерінің жетістіктерімен мақтанады. Жаттықтырушы болып қызмет атқарған үш жыл ішінде бес оқушысын спорт шеберіне үміткер деңгейіне жеткізді.

Тігіншілікпен айналысатын Гүлдерайға жары әрдайым қолдау білдіріп отырады. Ең алғаш Қаратөбеде ателье ашуға азаматы ықпал еткен. Ал 2015 жылы ательенің жұмысын өркендету мақсатымен станок алу үшін байқауда бақ сынап, қайтарымсыз грант ұтып алды.

– Бизнес-жоспарды жолдасым дайындады. Соның арқасында 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, екі тоқыма станогын сатып алдық. Бұл ісіміздің өрге басуына әсерін берді, ­– дейді Гүлдерай.

Ауданда басталып, ісі өрге басқан тігін цехының жұмысын қалаға қоныс аударып келгенде де жалғастырып, отбасылық кәсіптің кең қанат жаюына жұмыстануда.

 

Әр баланың несібесі бар

Халық қаһарманы Момышұлының есімін иеленген Бауыржан балаларына тарихта есімдері қалған Қазақ ордасының ең ұлы ханы Абылай ханың шын есімі ­– Әбілмансұрдың, Мысырда билік құрған – Бейбарыстың, Қараханидтер әулетінің негізін салушы Қараханның қалыңдығы – Айшабибінің, Мұхаммед пайғамбардың анасы ­– Әминаның, Ислам әлемі үлгі тұтатын дәрежесі жоғары әйелдер – Әсия мен Фатиманың есімдерін берген.

– Ең кіші екеуін айтпағанда, балаларымның жас аралықтары – 1-1,5 жас. Біздің жанұяда кішілер үлкендердің аттарын атамайды. «Көке», «Тәте» деп кішілік танытады. Бір-бірімен ренжісіп қалған жағдайда кешірім сұрамай, қайта сөйлеспейді. Бұл – басты тәртіп. Әкем қаталдау адам болған. Мүмкін маған құйған тәрбиесінің әсері де шығар. Ол кісі өмірден ерте кетті. Үйдің тұңғышы ретінде үш бауырым мен қарындасымды қамқорлау менің міндетім деп қабылдадым және әлі бала болса да өзімнің қос ұлыма қарындастары үшін жауапты екенін саналарына сіңіруден жалыққан емеспін, – дейді отағасы.

«Бар бақытымыз – балаларымыз» деп санайтын шаңырақ  әр баланың өз несібесі барын біледі. Расында осы күнге дейін қала ішінде пәтер жалдап келген отбасы төрт баладан кейін араға сегіз жыл салып Әминасы дүниеге келерде «Сарытау» шағынауданынан жер үлесін алған отбасы үй құрылысын бастады. Фатима дүниеге келгенде де сәті шығып, «Достықтан» бау-бақшасымен үйлі болды.

Халқымыз отбасындағы әкенің рөлін әрқашан жоғары қойғаны белгілі. Бұл отбасы да дәл осы қағиданы берік ұстанады.

Түйін: Отбасының мерейлі әрі өнегелі болуы жанұядағы татулық, бірлікпен өлшенеді. Жарастық орнаған шаңырақтың ғұмыры да ұзақ.  Адам баласының ажары да, бақыты да отбасыдан басталады. Ендеше көпке үлгі боларлық Шуриндердей жас отбасылар көбейіп, қазақы болмысымызды сақтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін, салиқалы да салмақты ұрпақтарымыз өсе берсін демекпіз.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
43 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
317 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
576 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
815 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
850 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1199 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1434 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1519 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1629 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1637 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1667 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1672 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1775 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1995 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2304 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»