Шүйіншәлиева Мира Хамзақызы
Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Бисен ауылының тумасы.
Еңбек жолын 1985–1987 ж. Орда аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясында корректор болып бастады. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының 1992 жылғы түлегі.
1997-2008 жылдар аралығында «Жайық Пресс» ЖШС-ның облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші болып қызмет атқарды.
2008 жылдан Орал қалалық «Жайық үні» ЖШС газеті редакциясының директоры – редакторы.
2005 жылдан ҚР Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
2002 жылдан ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (2002 ж.)
Республикалық баспалардан жарық көрген «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш», «Ар азабы…» атты прозалық-драмалық кітаптардың авторы.
2017 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік «Құрмет грамотасын» және 2002 жылы журналистика саласындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Құрмет грамотасын» иеленді. 2018 жылы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында алғаш рет «Тұмадай тұнық, таулардай заңғар» атты жеке шығармашылық кешін өткізіп, БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың қабылдауында болды. Сондай-ақ, осы кеште Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы-драматург Дулат Исабеков пен ҚР Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, жазушы Мереке Құлкеновтің және әдеби зерттеуші Гүлжиһан Орда мен ақын Ақұштап Бақтыгереевалардың зор бағасын алды.
Мира Хамзақының «Тұмадай тұнық, таулардай заңғар» атты шығармашылық кеші. 24.04.2018
Менің кітаптарым
Соңғы жаңалықтар

«Жайық үні-Жизнь города» газетін сатып алатын дүңгіршектер(киоскілер):

В ЗКО Городской Многопрофильной больнице врачи впервые провели нейрохирургическую операцию в рамках ОСМС.

Жылжымайтын мүлік объектілері мекен-жайларының мәліметтері бойынша жаңа сервис eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

«Жайық үнінің» осы аптадағы нөмерінің қос беті БҚО Денешынықтыру және спорт басқармасына арналды. Өңір спорты жасай берсін!

Тарихтың тарланы

Департаментом по ЧС ЗКО в селе Чапаево Акжаикского района проведено выездное оперативное совещание об итогах оперативно-служебной деятельности
