8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2026 373 0
Экономика

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі «Кублей» ет өңдеу кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты

Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі – «Кублей» ЖШС-да болды. Кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен алдағы даму жоспарлары жөнінде серіктестік директоры Талғат Берекешев баяндады.

Кәсіпорын бүгінде ет және балық консервілерін, өсімдік негізіндегі өнімдер мен түрлі деликатестерді өндіреді. Дайын өнім ішкі нарықпен қатар шетелге де жөнелтіледі. Өндіріс орнында халықаралық сапа талаптарына сәйкес менеджмент жүйесі енгізілген, мұнда 700-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Министр өндірістік цехтарды аралау барысында ет өңдеу желілерінің технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. Заманауи еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған кәсіпорында өндіріс үдерістері толықтай автоматтандырылған.

Өндірістік кешенде мал сою, сүйекті ажырату, теріні және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, өнімді қаптау секілді бірнеше бағыт бір жүйеге біріктірілген. Сондай-ақ қажетті температуралық режимді қамтамасыз ететін арнайы тоңазытқыш қоймалары жұмыс істейді. Кәсіпорында тәулігіне шамамен 250 бас ірі қара мен 700 басқа жуық ұсақ мал сойылып, мұздатылған өнімдердің 50-ге жуық түрі дайындалады.

Кәсіпорында өнім сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Шикізат қабылдаудан бастап дайын өнімді шығарғанға дейінгі барлық кезеңдер зертханалық бақылаудан өтеді. Өндіріс халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына және халал стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған. Сонымен қатар экологиялық талаптарды сақтау мақсатында заманауи ағынды су тазарту жүйесі пайдаланылуда.

Сапар барысында кәсіпорын басшысы алдағы инвестициялық жобаларды да таныстырды. Олардың қатарында суару технологияларын пайдалана отырып мал азығын өндіруді дамыту және мал бордақылау кешенін іске қосу жоспарлары бар. Өз кезегінде Айдарбек Сапаров кәсіпорынның өндірістік әлеуетіне оң бағасын беріп, ұсынылған бастамаларды іске асыру бағытында жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
171 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»