8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІI жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

 

 

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІI жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

24 Қыркүйек 2020 622 0
Қалалықтар қаперіне

Праймериз-2020. ЖАҢАРҒАН ҰЛТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында  «қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр, қазір – нағыз аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ» деп  мәлімдеген болатын. Мен оны толығымен қолдаймын.

Пандемия барша адамзат баласы үшін үлкен сынақ болды. Қиындықтар жаңа мүмкіндіктер туғызатынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өмір мен денсаулықты, ең бастысы барымызды бағалау қажеттілігін  есімізге салды.

Дерттің салдарын жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет деген нақты болжамдар айтылуда. Олай болса, біз үшін «Праймеризге» осындай шешім қабылдаған жаңа толқынға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол туралы әр түрлі пікірлер айтылуда. Өте орынды, өзіне  сын көзбен қарамаған  халықтың болашағының жоқ екендігін жақсы түсінеміз. Біздің болашақтағы міндеміз өңірімізде қолға алынып жатқан реформаларға, тың жобаларға жаңа серпін беру.  Бүгінгі уақыт білімге сенетін, ой қуатын, цифрлық технологиялар мен ақпараттар заманы.  Осы орайда, «Nur Otan»  партиясының мүшесі ретінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылығын сақтауға, дамытуға, мемлекеттік тұрғыдан қабылданған азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларының орындалуына және адами капиталдың дамуына  өз үлесімді қосу. Себебі Ақжайық өңірінің тыныс-тіршілігі, сұрақтары мен өмірі  маған таныс, жаныма жақын.

Өңір басшысы  Ғали Есқалиев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында «біз індеттің қиын кезеңінен өткенімен, алдымызда оның салдарын жою жұмыстары тұр»  деп атап өтті. Осыған орай облысты дамытудың 7 басым бағыты белгіленді.

Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру, жұмыссыздық, қылмыстық ахуал, білім, ғылым және ұрпақ тәрбиесі – бүгінгі таңда  кезек күттірмейтін  мәслелерге айналды. «Болашақтың бастамасы – бұл тәрбие, білім және ғылым. Бір жылдығын ойлаған халық егін егеді, 10 жылдығын – ағаш, ал болашағын ойлаған  халық саналы ұрпақ тәрбиелейді»дегендей, еркін елдің болашағы – фундаменталды білім мен дамыған ғылым еншісінде. Осы орайда, халықты сапалы, әрі қолжетімді біліммен қамтамасыз ету; жаңа  мектептердің  құрылысына ықпал ету; ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарының орындалуына үлес қосу, ауыл мектептерін интернет желісімен қамтамасыз етуге ықпал жасау басты бағыттарымның бірі.

Ал талантты жастарды ғылымға тарту, оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен байланыстарын нығайту, шет мемлекеттерде ғылыми тәжірибе жинақтауларына  мүмкіндіктер жасау, озық идеялардың  өндіріске еңгізуіне ықпал ету мақсаттарының бірі болып саналады. Осы орайда, «КазИИТУ» білім-ғылым кешеніндегі Президенттік «Болашақ» бағдарламаның өңірілік түрі – «Кіші болашақ» жобасы бірнеше жылдар бойы сынақтан сәтті өтті. Ал  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінде ашылған Белорус, Сингапур мамандарымен бірлескен React – бағдарламашылар мектебі, ғалымдарымыздың  Экспо -2017  Халықаралық көрмесіне  қатынасуы нақты негіз бола алады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерілік ғылым академиясының ғылыми-кадрлық мүмкіндіктерін және ғылыми – инновациялық  жетістіктерін өндіріске еңгізуге ықпал ету басты назарымда болмақ.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдинет қалыптастыру іс-шаралары  жүзеге асырылуда Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. «Nur Otan» партиясының және Республикалық жалпы ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы Батыс Қазақстан облыстық филиалының тәжірибелеріне сүйене отырып, бұл жұмысты жастар арасында табысты жүргізуге болады.

Мәңгілік елдің негізі – Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін көтеру, патриоттық тәрбиеге, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу басты бағыттарымыздың бірі болмақ.  «Nur Otan» партиясының «2020-2021 жылдары Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдинет, спорт, автожолдар, өндіріс обьектілерін қайта жаңарту, күрделі, ағымды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру бойынша 174 жобаны іске асыру, 8 мың астам жұмыс орны ашып, 726 тұрақты жұмыс орнын құру  жоспарлануда.  Пандемия кезінде Үкімет тарапынан уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз, соның ішінде 77 мыңнан астам батысқазақстандық  азамат 42 500 теңге әлеуметтік көмек алды.  Азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселе болып саналады. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екендігін баршамызға белгілі.

17 қыркүйек күні Елбасы Н.Назарбаевтың төралығымен өткізілген ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында  халықты азық-түлікпен және дәрі –дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету, азық-түлік бағаларының және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу туралы нақты тапсырмалар берілді. Осы орайда, өңірімізде ет, көкөніс, бидай, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін  ірі экожүйе қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға қатынасу және оның жүзеге асырылуына ықпал ету – міндеттерімінің бірі саналады. Оған негіз болып, «NurOtan» партиясының өңірімізді дамыту бағдарламасында 33 инвестициялық жоба  іске асыру жоспарлануда,  соның ішінде,  тәулігіне 25 тоннаға сүт өндіретін 1 500 бас ірі қара мал сүт  кешені,   27 шағын бордақылау алаңдарын және  жалпы ауданы 72 га. 2 жылыжай кешені салу жұмыстары қолға алынбақ, шағын және орта бизнес субьектілеріне қаржылай көмек беріледі.

Батыс Қазақстан облысы әлемге танымал қазақтың ақбас сиыры, елдібай, ақжайық тұқымдарының отаны болып табылады.  Бүгінгі таңда облысымызда 338 шаруашылық, оның ішінде 274 – ірі қара, 32 – қой, 31- жылқы және 1 – түйе асылтұқымды мал өсірумен айналысады. Асылтұқымды малдың үлес салмағы жалпы мал санына шаққанда 3,0-8,9 %.  Өңіріміздегі асылтұқымды  малшаруашылығын дамыту, ет экспорты әлеуеттін жақсарту,  ғылыми жобалардың сапалы жүзеге асырылуына ықпал жасау басты назарда болмақ. Оны жүзеге асыруда малды сумен, азықпен қамтамасыз ету – осы саланың болашағын айқындайды. Суға қатысты бар мүмкіндіктерімізді пайлалану,  құдықтар мен су көздерін есепке алып іске қосу- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесіне  айналды. Ал мал азығын дайындау ісінде  жайылым мен шабындық жерлерін тиімді және  мақсатты түрде пайдалануына мониторинг жүргізу, қадағалау және мал азығы өндірісін жүйелі дамытудың жолдарын қарастыру, нақты жолдарын белгілеудің  маңызы зор.  Өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін өңірде 2 миллионға жуық гектар егістік жерлер болған болса,  бүгінде – 542 мың га құрайды. Ал жайылым 10 млн. 540 га болса, қәзір – 5 млн. 527 га құрайды. Осы туралы өңір басшысы Ғ.Ескалиев өз есебінде «2019 жылдан бері мемлекет меншігіне көлемі 108 мың га жерлер қайтарылып, 33 мың га. ауылшаруашылғы айналымына еңгізілді» деп атап өткен болатын. Осы жұмыстардың одан әрі жалғасуына өз үлесімді  қосу міндетім болып табылады. Соңғы деректерге сәйкес, облысымызда заңмен қорғалатын киік популяциясының көбеюі, олардың таралу ареалының нақты көрсетілмегендіктен Жаңақала, Бөкей Орда аудандарының шаруашылықтарында мал азығын даярлауда қиындықтар туындауда, ал жайылымдар мен шабындықтардың жойылу қауіпінде.  Осы мәселені заң аясында шешуге ықпал ету – маман ретінде міндетім деп санаймын.

Әрине баршамызды тоғандыратын халықаралық проблемаларға айналған жағалай қонған елдің тіршілік көзі – Жайық өзенінің мәселесі – кешенді мемлекет аралық бағдарламаларды жасақтауды талап етеді.  Осы бағыттағы  іс-шараларға қатынасу, қабылданған шешімдердің  жүзеге асуына ықпал жасау бағдарламаның негізі бағыттарының бірі болып саналады.

Жасыл ел бағдарламасы негізінде елді-мекендерді көгалдандыру жұмыстары, экотуризмді дамыту туралы өңірлік іс-шаралар жоспарын толықтыру, орындалуына ықпал ету жұмыстары да өз жалғасын таппақ.

        «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, барлық мүмкіндіктерімізді  халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жұмыстанамыз деп сендіремін және Сіздердің қолдауларыңызды күтемін.

 

Ә.Н.Баяхов – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өзек
ӘКІМДІКТЕГІ ҰРЫ
04 Желтоқсан 2020
96 0
Жалын
ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ
02 Желтоқсан 2020
81 0
Қоғам
ҮШ АУДАНДА АЭРОДРОМ САЛЫНАДЫ
02 Желтоқсан 2020
161 0
Жалын
ТАРИХТЫ ТҰЛҒАЛАР ЖАСАЙДЫ
02 Желтоқсан 2020
95 0
Өзек
Бақұл бол, ТҰМАРША АНА
02 Желтоқсан 2020
234 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДА МҰЗДА СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
02 Желтоқсан 2020
92 0
Қоғам
198 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
30 Қараша 2020
196 0
Қоғам
ЗАШАҒАНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
30 Қараша 2020
178 0
Спорт
ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ
29 Қараша 2020
137 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»