Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып сайланды
Орал қаласында өткен Батыс Қазақстан облысының дәстүрлі садақ ату федерациясының кезектен тыс отырысында ұйымның басшылық құрамы қайта жасақталды.
Жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, федерация мүшелері, жаттықтырушылар және спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында федерация президентін сайлау мәселесі қаралып, көпшілік дауысымен бұл қызметке Мұрат Байменов бекітілді. Ал осы уақытқа дейін ұйым жұмысына жетекшілік еткен Асхат Ищанов федерацияның вице-президенті болып тағайындалды.
Жаңа басшы өз сөзінде ұлттық спортты дамытуға бағытталған жұмыстардың жалғаса беретінін атап өтті. Оның айтуынша, дәстүрлі садақ ату – ата-бабадан жеткен асыл мұраның бір бөлігі. Сондықтан бұл спорт түрінің бұқаралық сипатын арттыру, жас спортшылардың қатарын көбейту, жаттығу үдерісін жетілдіру және қажетті инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар өңір спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктерін көбейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және федерация қызметін жаңа деңгейге көтеру алдағы кезеңнің басты міндеттерінің бірі болмақ.
Жиын соңында қатысушылар жаңадан сайланған президентті құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілеп, дәстүрлі садақ ату спортының өңірде қарқынды дамуына сенім білдірді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру




