8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

13 Шілде 2018 901 0
Қалалықтар қаперіне

Кешенді тестілеу басталады

 Шілденің 15-інен бастап М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да биыл, өткен жылдары мектеп, колледж бітіруші түлектерге кешенді тестілеу басталады. Биыл кешенді тестілеуде бұрынғыға қарағанда өзгерістер бар. Ағымдағы жылы жылдағыдан ертерек өтеді және тестілеудің форматы да өзгерген. Бұл туралы аталмыш оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асқар Аманбаевтан сұрап білген едік.

 

Кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия хатшысы Асқар Сайынұлының айтуынша, егер колледж бітірген түлек өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнын жалғастырғысы келсе, өзі оқыған бағдарламасы негізінде тек екі пәннен 1 сағат 40 минут ішінде тест тапсырады. Биыл колледж бітірушілерге гранттар саны көбейген. Былтыр 2000 грант бөлінсе, биыл 4000-нан аса грант бар. Бұл жолы колледж бітіріп, сырттай бөлімге тапсыратындарға биылдан бастап грант қарастырылмаған. Бұрын педагог мамандықтары бойынша 500 гранттай бөлініп келген.

Шілденің 15-і күні кешенді тестілеуге қатысушылардың алғашқы легі, яғни 360 мектеп бітіруші мен колледж бітіріп басқа мамандықты таңдағандар төрт аудиторияда кешенді тестілеуден өтеді. Тестілеу бұл күні ҰБТ форматымен өтеді. Бес пәнге 3 сағат 50 минут бөлінеді. Ішінде міндетті пәндер және таңдаған мамандығына байланысты бейіндік пәндер бар. Осы пәндерден ең жоғарғы 140 балдың 50-ін жинаса, яғни әр пән көрсеткіші 5 балдан жоғары болса, грант конкурсына қатыса алады.

Ал шілденің 16-сы күні колледж бітіруші түлектер БҚМУ-дың бас ғимаратындағы 10 аудиторияда екі пәннен, бейіндік және жалпы бейіндік пәннен тест тапсырады. Талапкер конкурсқа қатысу үшін ең жоғары 70 балдың 25-ін жинаса жеткілікті. Өткен жылы грантқа өту балы 35 балды  құраған. Айта кету керек, биыл колледж бітіруші талапкерлерге жеңілдіктер жасалған. Бұрын колледж бітірушілер 85 балмен грантқа өте алмаса, қазір мүмкіндік бар. Талапкерлер кешенді тестілеуден өте алмаса, тамыз айында тек ақылы бөлімге қайтадан тестілеуге қатыса алады.

Кешенді тестілеу барысында аудиториялар цифрлық бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталып, ата-аналар үйде отырып-ақ балаларын онлайн режиминде бақылай алады. Әдеттегідей, тестілеуге қатысушылар қатаң түрде бақылауға алынады, аудиторияға металіздегіш құрылғымен тексеріп кіргізеді.  Алғашқы лекпен тестілеуге қатысатын бір мүмкіндігі шектеулі жанға арнайы бөлме дайындалып, талапқа сай көмекші бекітілген.

Кешенді тестілеуді ұйымдастырып, аудиторияларға қатаң қадағалау жүргізетін  министрліктен арнайы 8 өкіл келеді деп күтілуде. Қаладағы барлық оқу орнында бір мезгілде кешенді тестілеу басталады. Былтырдан бастап барлық оқу орындарының талапкерлері араласып, әр білім ордасына бөлінген.

Кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 6 адамнан құралған арнайы мемлекеттік комиссия бекітілді. Комиссия құрамында  М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Нұрлан Серғалиев, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева,  облыстық Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жоль-патрульдік қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Арман Дүйсекенов, Орал қалалық мәслихатының аппарат басшысы Серік Давлетов, қалалық «Жайық үні» ЖШС-ның директор-редакторы Мира Шүйіншәлиева, БҚМУ-дың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асқар Аманбаевтар бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
505 МЫҢ ТЕҢГЕ АЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ
22 Шілде 2019
27 0
Өзек
ЕЛДІ АЛДАҒАН АЛАЯҚТАР
22 Шілде 2019
65 0
Қалалықтар қаперіне
ЕКІ КӨШЕ БОЙЫНША СУ БЕРУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
22 Шілде 2019
40 0
Өзек
СЕПТИККЕ ҚҰЛАП КЕТКЕН
22 Шілде 2019
35 0
Өзек
МЕЙРАМХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ
22 Шілде 2019
53 0
Қалалықтар қаперіне
ЖАҢА МОБИЛЬДІ ОПЕРАТОР ПАЙДА БОЛДЫ
19 Шілде 2019
49 0
Қалалықтар қаперіне
ЕНДІ ЕМХАНАҒА ТЕК ХҚКО АРҚЫЛЫ ТІРКЕЛЕ АЛАСЫЗ
19 Шілде 2019
42 0
Жалын
ИМАН БАЛАБАҚШАСЫ ЕСІК АШТЫ
18 Шілде 2019
102 0
Спорт
ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ САЙЫС
18 Шілде 2019
55 0
Қалалықтар қаперіне
ҚАЖЫЛЫҚҚА 3200 КВОТА БӨЛІНДІ
18 Шілде 2019
37 0
Қалалықтар қаперіне
ЖОЛ БИЛЕТТЕРІН АЛУДЫҢ БАЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛУДА
18 Шілде 2019
51 0
Өзек
ФАРМАЦЕВТТІ УЛАМАҚ БОЛДЫ
17 Шілде 2019
38 0
Өзек
ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ
17 Шілде 2019
76 0
Өзек
ТОҒАЙ ІШІНДЕ ТОНАЛДЫ
17 Шілде 2019
77 0
Қалалықтар қаперіне
«АШЫҚ ӘКІМДІК» ӨТЕДІ
17 Шілде 2019
84 0
Өзек
МАС КҮЙДЕ СУҒА СЕКІРГЕН…
16 Шілде 2019
63 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»