Ибрашевтар отбасы Бас жүлде иегері!
Оралда отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі жанұяларды көпшілікке үлгі етуді мақсат еткен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды.
Орал қаласының ішкі саясат бөлімі мен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 12 отбасы қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен өнегелі өмір салтын таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша үшінші орын Тасқали отбасына, екінші орын Қаратаевтар отбасына бұйырды. Кереевтер отбасы бірінші орынды иеленсе, бас жүлде Ибрашевтар отбасына табысталды. Бірінші орын мен бас жүлде иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Марапаттау рәсімінде Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтті.
– Отбасы – әр адамның өміріндегі басты құндылық, қоғамның негізі. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасылық құндылықтарды дәріптейтін маңызды жобаға айналды. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар байқауға қатысқан өзге де отбасылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға демеушілер атынан бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру


