8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 2237 0
Қоғам

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың заманауи еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық жол» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен басқосу   М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарихы мен этнографиясы ҒЗИ бірлесе ұйымдастырылды. Оған Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас Консулы А.Бакланов қос елдің ғалымдары, қоғамдық ұйымдар сарапшылары, ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысып, Елбасының 25 жыл бұрынғы идеясының бүгінде қалай іске асқанын, қазіргі маңыздылығы мен нәтижелері және келешегі туралы әңгімеледі.

Еуразиялық жоба – 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады. 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә.Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны айтты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.

Жиынды ашқан М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыс және xалықаралық байланыс жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов қазіргі уақытта Елбасының ЕАЭО туралы идеясы елдердің дамуына жаңа серпін берген жалпыұлттық идеяға айналғанын атап өтті. Еуразиялық жоба аясындағы Қазақстан мен Ресейдің байланысы экономикалық, саяси тұрғыдан және ғылым мен білім саласында да дамуда. Бүгінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ЖОО және ЖОО кейінгі білім беру саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық жөнінде 108 келісімшарт жасасқан. Солардың 60 пайызы Ресей Федерациясы оқу орындарымен жасалған келісімшарт. Ұзақ жылдан бері университет Орынбордың көптеген оқу орындарымен байланыс орнатып, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу, студенттердің мобилділігі, бірлесе экспедициялар ұйымдастыру бағытында жұмыстанып келеді.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ешбір мемлекеттің жеке дара дамуы мүмкін еместігін, сондықтан дамыған елдердің барлығы интеграция арқылы дамудың жолын таңдап отырғанын тілге тиек етті. Бұл ойды өз пікірімен бөліскен Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің бірінші орынбасары Веналий Амелин да қостады.

– Қазақстан Республикасы Президентінің идеясы – тауарларды одақ аясында жылжытуда кедергілерді белсенді түрде еңсеруге, капиталдардың біртұтас қызмет рыногын қалыптастыруды қамтамасыз етуге ықпал етті. Ширек ғасырлық мерзімде қос елдің Мемлекет басшыларының, іскер адамдардың, басшылардың, сарапшылардың ықпалымен бұл идеяның бойына қан жүгірді. Жылдар өте келе даму сатысынан өтіп, қоршаған ортаны, миллиондаған адамдардың өмірін өзгертті, – деген Веналий Владимирович ЕАЭО аясындағы бірыңғай қағида, бірыңғай тариф еңбек мигранттары, бизнес қауымдастық өкілдері үшін ұтымды екенін атап өтті.

Бұдан әрі Орынбор облысы мәдениет және сыртқы байланыстар министрлігі шекаралық өзара қатынас және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Александр Калинин ЕАЭО шеңберінде сауда-экономикалық байланысты дамыту мен нығайтудағы  шекаралас аймақтардың рөлі туралы айтса, БҚО ҚХА мүшесі Вера Шохина еуразиялық кеңістіктегі этно-мәдени бірлестіктердің рөлін қозғады. Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, саяси ғылымдар кандидаты Ольга Максимова білім мен ғылым саласындағы қос елдің байланысы туралы баяндады. Сондай-ақ Орынбор ЖОО-да оқып жүрген қазақ елі студенттерінің мәдениетіне ерекше басымдық беріп, олардың шет мемлекетте қандай да бір қиыншылық тудырмайтыны, алған тәрбиесі көпке үлгі екенін ерекше атап  өтті.

Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Светлана Дерябина экономикалық, әлеуметтік және саяси интеграция тұрғысында әлемдік тәжірибені сөз етіп, ЕАЭО-тың артықшылықтарына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы интегрциялық үдерістердің келешегі сөз болды. Ұсыныстар айтылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

– Еуразиялық мемлекеттердің одағы саяси, экономикалық, қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды. Өйткені қазір әлемде жүріп жатқан геосаяси ойындарды көріп отырмыз. Бұл көптеген мемлекеттердің экономикасының дамуына, ішкі-сыртқы қаупсіздігіне де кері ықпалын тигізуде. Жаһандану қауіп-қатерлері туралы Елбасы жыл сайынғы Жолдауында айтып келеді. Осы қатерге қарсы тұрудың ең тиімді жолы – осы аумақтағы мемлекеттердің тұтастығы, – дейді М.Өтемісов атындағы БҚМУ университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
171 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
440 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
681 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
713 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
868 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1064 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1301 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1382 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1490 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1496 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1529 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1536 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1640 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1857 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2168 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2053 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2166 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»