8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

11 Шілде 2019 583 0
Қоғам

ЕСІМІ ЕРТЕ ЕСТІЛГЕН ЕСЕТ

   Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,

  Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚ

 

Ақ Жайық өңірі бұл күнде тағы бір атпал азаматын ардақтап, иығына шапан жауып, құрметін көрсетуде. Ол – Құм-Нарынның перзенті, отыз жыл бойы Бөкей ордасы ауданының көркеюіне іскерлік, ұйымдастырушылық, басшылық, ағалық, кісілік қасиеттерімен адал еңбек еткен, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Есет Ғабдулллин. Ел ақсақалы бүгінде сексен жастың төріне шығып отыр. Тәуелсіз елінің бақыты мен жарқын өмірін көріп, көңілі жайланған Есет Ғабдуллин тамырын тереңге жайған отағасы, ұрпақтарына үлгілі әке, немере-жиен, шөберелеріне абзал ата. Біз бүгін, қасиетті шаңырағына құт дарытқан, көз ашқаннан төрт түлік малды баптаған, ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосқан республикаға танымал Есет Ғабдуллиннің өнегелі өмірін мақтан етпекпіз.

 

Еліне есімі ерте шыққан Есет Ғабдуллин 1939 жылдың 1 шілдесінде Жаңақала ауданының сол кездегі Толыбай ауылдық кеңесінде, қазіргі Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округінің аумағында дүниеге келді.  Жаңақала  ауданындағы  С.Киров  атындағы  орта мектебінде  оқып, оны 1957 жылы бітірді. Содан соң  Ордаға барып, механизаторлық  кәсіпті  игеріп, аттестат алды. «Құрманғазы» кеңшарында еңбек жолын бастап, механизатор, бригадир болды. Уақыттың ағымымен «Искра» кеңшары құрылып, 1968 жылы басқарма басшысы болып барды. Дәл осы салада Есет Ғабдуллин директордың орынбасарлығына  дейін көтерілді. Сол кезде  ауданның бірінші хатшысы болған Рахметолла Егізбаевтың   нұсқауымен іргесі енді қаланған Темір Масин атындағы кеңшарға Есет Ғабдуллин басшылық жасайды. Батыр Темірдің есіміне кір келтірмей, «алтын бесік ауылдың» атын облысқа танымал жасайды. Кең дала төсін мыңғырған малға, тұяғы дүбірлеген тұлпарға толтырады. «Ер елімен мақтанады, ел ерімен мақтанады» дегендей, Темір Масин ауылының іргетасын қалап, беделін биіктетуде Есет Ғабдуллиннің сіңірген еңбегі бір төбе. Бұдан соң Бөрлі №1 бөлімшесін басқарып, отыз жыл бойы еңбектен қол үзбеді.

Ауылды әр қырынан өсіруде Есет ағамыз жаңа қырынан танылды. Яғн, өзінің бүкіл ұйымдастырушылық қабілетін, іс-тәжірибесін шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттады. Іскер  басшы мал өсіру, мал басын аман сақтау, мал азығын дайындау, малшы-шопандарға үйлер салып, тұрмыс жағдайын жақсартуға  ерекше көңіл бөлді. Шаруашылықта жылқы, қой, сиыр малын асылдандыру үшін Жаңақала ауданындағы асыл тұқым мал зауытынан айғырлар, қошқарлар әкелініп, жергілікті малдың тұқымын жақсарту бағытында көп тер төкті.

– Сол уақытта фермада 45 мың бас қой, 12 мың бас жылқы, 2 мың бас ірі қара, 1,5 мың бас түйе есепте тұрды. Екі трактор бридасын жасақтады, онда 100 шақты трактор болды. Мұндай малы мен техникасы бар бөлімше облыста өте аз еді. Осыдан-ақ  ферманың қандай жауапты звено болғанын мен айтпай-ақ байқайсыз. 45 мың бас қойдың 35 мыңы саулық болатын. Әрбір жүз бас саулықтан 105-тен қозы алдық. «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығының қызметкері» атағына осындай еңбекпен қол жеткіздік. Бұл мемлекеттік награданы белгілі қоғам қайраткері, Орда кеңшарының негізін қалаған, ұзақ жыл Орда  ауданын  басқарған, елге сыйлы ағамыз Тауасих Мырзағалиев екеуміз бірге алдық, – деп еске алады Есет ақсақал бүгінде.

Мақаланы толығырақ  «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2019 жылғы 12 шілде күнгі №27 санынан оқи аласыздар. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өзек
ҚАТЕЛІК КІМНЕН?
22 Қараша 2019
133 0
Қалалықтар қаперіне
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ОРАЛДЫҚТАРҒА РИЗАМЫЗ
20 Қараша 2019
64 0
Дені сау ұлт
20 ноября – Всемирный день ребенка
20 Қараша 2019
22 0
Қалалықтар қаперіне
«БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ» шарасы өтеді
19 Қараша 2019
90 0
Өзек
АЯҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
18 Қараша 2019
183 0
Өзек
ДЖИППЕН КӨШЕДЕ ТАЙРАҢДАП…
18 Қараша 2019
104 0
Қалалықтар қаперіне
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЛСА…
18 Қараша 2019
60 0
Дені сау ұлт
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
18 Қараша 2019
74 0
Өзек
СУДЫҢ ҚАТУЫ БАСТАЛДЫ
18 Қараша 2019
55 0
Қоғам
БАС ИМАМ БӨРЛІ АУДАНЫНДА
18 Қараша 2019
88 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»